2016 жылғы 5 маусымда Ақтөбе қаласындағы қару-жарақ дүкеніне лаңкестік шабуыл жасалған кезде террористтердің қолынан жарақат алған полиция сержанты Н.Калмағанбетті қауіпсіз жерге оқшаулап алып шығып, қылмыскердің бірінің  қолына кісен салып, оның қаруын алып әрі қарай ұрысты жалғастырды. Сонымен қатар, 2016 жылғы 06 маусымда шамамен түнгі сағат 2:57- де «Развилка-Родниковка» бекетіне шабуыл жасалған туралы хабарлама алып, жол шетінде оқ атуға оқталып жатқан қылмыскердің көзін жойған.