Асланбек Шұғатаев «Алтын домбыра» иегері, атақты айтыскер.

Баян жерінің сұлулығы өткен ғасыр жырауларының, ақын-жазушыларының қадамына қанат бітіріп, қаламын ұштаған. Айтысқа алғаш 12 жасында шықкан. Солардын жалғасы болып, айтыс өнерінінен өз орнын тауып жүрген айтыскер акындарымыздың бірі, өткен жылғы Қызылорда да ұйымдастырылған «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым»  атты республикалық ақындар айтысында бірінші орынды еншілеп, жыр сүйер жерлестерін бір қуантқан еді. 

Одан кейін Алматы қаласында ұйымдастырылған «Азаттықтың алтын бесігі» айтысында және Қазақ хандығының 550 жылдығы тойында Тараз төрінде өткен «Мәңгілік ел» жыр аламанында бағы жанып, бас жүлдені қанжығасына байлады.  

Ал кіл мықтылар ғана сыңға түскен жылдың қортынды айтысы «Алтын домбыраны» жеңіп алу – оның өнерінің ұшқырлығы мен тапқырлығының шынайы көрінісі деп білуге болады. Осылайша киелі Баянауыл топырағынан түлеп ұшқан, Баян елінің атын шығарған жас ақын бүгінгі күні Кереку - Баян айтыс өнерінің қандай деңгейге көтерілгенін паш етті.

Асланбек 1989 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген.