Атхам Одилов - спорт бапкері

 

Ахтам Одилов 1972 жылы 21 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Новои облысы Акмачит ауылында дүниеге келген. 1989-1992ж.ж Ташкент педагогикалық техникумындағы дене шынықтыру және әскери дайындық факультетін бітірген.

Қазіргі таңда Рудный қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №2 Рудный қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде таеквон-до спорт түрінен жаттықтырушы.

Ахтам Одилов еңбек жолын 2006 жылдан бастап жаттықтырушы болып бастайды. Бүгінде ол «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағына ие. Ол «Қостанай облысының таэквон-до федерациясы» Қоғамдық бірлестігін құруда аянбай тер төгеді. Қазір аталған Федерация 300-ден аса спортшыны, спорт төрешілерін, жаттықтырушыларды, мұғалімдерді және таэквон-до әуесқойларының басын қосып отыр. Жыл сайын Федерацияның бастамасымен 10 аймақтық конкурстар және кемінде 2 ұлттық турнир өтеді. Ал Ахтам болса сол спорт додаларының ұйымдастырылуын қадағалап, белсене еңбек етеді.

Еңбекқор бапкер таэквон-до спорт түрі бойынша мықты спортшыларды шыңдады. Атап айтсақ, Мадина Қайыржанова, Ксения Сметанина, сондай-ақ спорт шеберлігіне үміткерлер – Жанқожа Райымбаев, Вера Барабанова, Сергей Ивашкевич, Дүкен Орынбаев, Вячеслав Шагун, Әселжан Ибраимова, Манас Бұланов, Қайрат Гайсин.