Әуесхан Бүркіт – бірнеше оқулықтардың авторы, білікті ұстаз

Әуесхан Қантөреұлы 2007-2015 жылдар аралығында математика және информатика пәндерінен   электронды жиырма бес оқулық жазды.

Ол 1971 жылдың 28-сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпы білім беру стандартының авторы.  «Қазақстанның болашағы 50 атаулары» атты энциклопедиясының «Күн батареяларын жапырақтарын жинақтау құралының» өнертабысында, қосалқы авторлардың бірі.

Сондай-ақ, Әуесхан Қантөреұлы студенттер мен математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған он бес оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. «Мал тұзын шығарып алу тәсілі» атты енбек жазып шыққан және мыңнан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалар авторы болып есептеледі.

Алты баланың әкесі.