Азамат Амантайұлы – «Арман» тобының жетекшісі, «Ботақара баурайында» халықтық фольклорлық ансамблінің  әншісі

Ол өнер жолындағы еңбегін осы Ботақара кентінде 2006 жылдан бастады. Тәттімбет атындағы  дәстүрлі ән факультетінің, дәстүрлі әннің көшбасшысы Мейірхан Адамбековтан дәріс алып талай ән додасында өнерін паш етіп жүр. Атына заты сай Азамат десе азамат, берілген жұмысқа тиянақты көзбен қарайды.  Алдыңғы  аға буындардың жақсы қасиетін бойына сіңіріп жүрген  біздің жас маман.

Дәстүрлі әннің һас шеберлігімен қоса, эстрада жанрындағы әндерді де нақышына келтіріп орындайтын кәсіби әнші. Сондай-ақ, жүргізушілік шеберлігі де басым. Аудан, облыс республика көлеміндегі концерттік бағдарламаларда  өзінің жүргізушілік шеберлігімін де көзге түсіп жүр.

Өзінен кейін де өнерлі жастардың өнерін шыңдауға үлесін қосуда. Мінезі салмақты, ісіне тиянақты, ортасында беделді, өнерімен халықтың көңілңнен шыға білді. Қазақи болысымы бойына ана сүтімен дарыған,  қазақ тілінің жанашыры. Бірнеше байқаулардың жеңімпазы.