Есімханов Азамат Бақытұлы – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің еншілес кәсіпорны «Агро технологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығының» технологияларды трансферттеу және инвестициялар тарту бөлімінің директоры.
 
Азамат Алматы облысының, Қабанбай ауылында дүниеге келген. АҚ «Абылай Хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің» үздік түлегі. Оқу барысында көптеген жетістіктерге ие болды, атап айтқанда: «Do-Star» студенттік клубының «Вице-президенті», Ай сайынғы «МассМедиа» студенттік газетінің басшысы, университет жанындағы Әскери кафедрада «взвод командирі мен үздік түлегі».

Қазақстандағы жоғарғы оқу орнын аяқтаған соң, Қытай Халық Республикасының «Мемлекеттік Грантын» ұтып алып, Шыңжаң Педагогикалық Университеті жанындағы Халықаралық Мәдениет Алмасу Институтында оқу мәртебесіне ие болды. Оқу барысында өз алдына егемендік алып, әлемдегі жоғары дамыған елдердің қатарына қосылу сынды асқақ мақсат қойған еліміз үшін мемлекетіміздің жас буынының өркендеуі жолында аянбай адал қызмет етіп, ата-анасының, елінің сенімін ақтап, жоғары деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, өзінің сауаттылығымен, ізденімпаздығымен, еңбекқорлығымен, бәсекелік қабілеттілігімен, 4 тілде еркін әрі жоғары тілде сөйлеу білуінің арқасында  бүкіл дүние жүзінен келген студенттер арасынан суырылып шығып, Халықаралық мәдениет алмасу институндағы «Шетел студенттерінің Студенттік кеңесінің Президенті», түрлі қала аралық және аудан аралық қытай тілінен жарыстардың «Бірінші орын» иегері, Қытайдағы Қазақстандық студенттік ұйымдарының «Төрағалар кеңесінің мүшесі», Шыңжаң Педагогикалық Университеті жанындағы Халықаралық Мәдениет Алмасу институтының «Ең Үздік Түлегі» болды. 

Қазақ елін көрші, алыс-жақын шетелдерге еліміздің бірлігі мен достығын, ұлылығы мен мәртебесін сан мәрте дәлелдеп, жерлестерінің арасында ауызбіршілік пен ынтымақтастықты қалыптастыра білді. 
Сонымен қатар, Қазақстан студенттері мен азаматтарын бір шаңырақ астына қосу мақсатында «KAZ UNION» жастар ұйымын құрып, 3 жыл қатарынан ұйым «Президенті» болды. Ұйымның жұмысын жүргізу барысында өзінің сапалы білімі мен тәжірибелі іс атқаруының арқасында екі ел арасындағы түрлі мемлекеттік іс шараларға белсенді қатысып, жас буын бауыр қарындастарына үлгі тұтарлықтай болды. Ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту мақсатында жыл сайын жаңадан келген жас түлектерге «Жетістікке жету» тақырыбында мастер класстар жіргізді. Қытайдағы ұлты қазақ қандас жетім балаларға түрлі көмек көрсетіп, қайырымдылық іс-шараларымен қатар, Үрімші қаласында қиындыққа тап болған жерлестеріне аянбай көмек көрсетті.  

Ең басты жетістігі – Қазақстан студенттерінің Қытай Халық Республикасында білім алу тарихында ең алғаш рет «Ең Үздік Студент» номинациясында «Жыл Адамы» атағын иеленді.

Қазіргі таңда, оқу барысында жинаған өмірлік тәжірибе мен алған білімінің арқасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің еншілес кәсіпорны «Агро технологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығының» технологияларды трансферттеу және инвестициялар тарту бөлімінің директоры лауазымында қызметін атқаруда. Еліміздің ауыл шаруашылығын көтеру мақсатында жұмыс істеуде. Өзінің жеке арманы – Отанымызды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу. 

Азамат үйдің кенжесі, сүйікті жар және өнегелі әке. Тұғырлы тұлға болып, елімізге өлшеусіз үлес қосатын, елімізді бетте ұстар азаматтардың бірі!