Азамат Сұқбасов –  штабтың  аға  инспекторы, полиция майоры.

Азамат Сұқбасов 1985 жылы Ресей Федерациясы Троицк қаласында дүниеге келген. 2003-2008 жылдар аралығында Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде  құқықтану мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек қызметі: Алғашқы еңбек жолын 2008 жылы  Ішкі істер органында  бастаған. Кейін, дәл осы жылдары Қарабалық ауданында әкімшілік полиция бөлімшесінде   кәмелетке толмағандар істері жөніндегі топ инпекторы болып қызмет істеді.  Сұқбасов Азамат кәмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылығының алдын алу жөнінде белсенді жұмыс атқарды. Осындай белсенді жұмысының нәтижесінде Қостанай облысы ішкі істер департаментінің  бірнеше мадақтама қағаздарымен марапатталған.  2013 жылы «Золотой молодежи» Карабалыкского района кітабының дипломанты. 2016 жылғы штаб қызметкерлерінің  рейтингісі бойынша 1-орын алып, ақшалай сыйақымен марапатталған.