Алдажарова Ажаркүл Сейділдақызы 1950 жылы 25 қаңтарда Майлыбас ауылдық советіне қарасты Ленин колхозында дүниеге келген. Анасына көмекші болған Ажаркүл Сейділдақызы шаруашылықтың түрлі жұмыстарына араласты. 

Ажаркүл Сейділдақызының жеткен жетістіктерін тізер болсақ, келесідей:

  • 1968 жылы бірінші рет күріш егіп, 40 центнерден өнім алды.
  • 1976 жылы Қызылту совхозы бірінші рет инженерлік жүйеге келтірілген жерге күріш егіп, онан 70-99,6 центнерден өнім жинады.
  • 1978 жылы III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 1980 жылы Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесінің алтын медалімен марапатталды.
  • 1972 жылдан 1977 жылға дейін облыстық Советтің депутаты болды.
  • 1981 жылы Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Бірнеше жылдардан социалистік жарыстың жеңімпазы. XXXV-XXXVI-XXXVII-XXXVIII-XXIX аудандық партия конференцияларының, XXII-XXIII облыстық партия конференциясының делегаты, облыстық партия комитетінің мүшесі болды.
  • 1987 жылы 21 маусымда болған Жергілікті Советтерінің сайлауында ауылдық Советке депутат болып сайланды.
  • 1990-1994 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.
  • 1995 жылдың қаңтарынан республикалық дәрежедегі зейнеткерлік демалыста.
  • 1998-1999 жылға дейін күріш еккен, Қазалы ауданы әйелдер кеңесінің мүшесі.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жыл» медалымен наградталған, «Қызылорда облысының – 70 жыл» медалымен марапатталған, 2009 жылы «Қазалы ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.