Әжіхан Нұржанов – Абай автокөлік мекемесінің басшысы

Ол 1940 жылдың 20-тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келді. 1960-1965 жылдары Қазақ химия-технология институтының инжинер-құрылысшы мамандығы бойынша білім алған. 1957 жылдан 1960 жылдың мамыр айына дейін Коммунар ауыл кеңесі, Калинин бөлімшесінде клуб меңгерушісі болып қызмет атқарған.

1966-1969 жылдары СМУ-2 «Главриссовхозстрой» тресінде, прораб шебері, аға-прораб болып қызмет атқарды.1969-1984 жылдары туған жеріме келіп ПМК-6506 тресінде Шымкентсельстрой-25 прораб, аға прораб, бас инженер болып қызмет атқарды. 1984-1988 жылдары «Шымкентоблагропромстрой» бөлімшесінде директордың орынбасары, бас инженері болып қызмет атқарған. 1995-1997 жылдары Түркістан өндірістік корпорациясының бірінші вице-президент орынбасары болған. 1997 жылы Абай автокөлік мекемесінде президент болған. 2001 жылдан осы мекеменің иегері болды.