Бағдат Айтмұқаева — Қазақстан  Журналистер Одағының мүшесі. 2005 жылғы  «Жазушы, сыншы Сағат Әшімбаев атындағы сыйлықтың лауреаты. 2006 жылы облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
2006 жылы  желтоқсанда облыс бойынша  Алматы облысы әкімінің жүлдесін иеленіп, «Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ақпараттық қолдау көрсету» номинациясы бойынша екінші орынды жеңіп  алды. Қазақстан Журналистері  IV Конгресінің делегаты; Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» ХДП-сы Алматы облысы, Панфилов аудандық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық Кеңес мүшесі. 2011 жылы Қазақстан Журналистер Одағының  «Дипломымен»  және облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Облыстағы ақпараттық  саясат саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты насихаттау мен демократиялық  үрдістерді дамыту жөніндегі белсенді, әрі өнегелі қызмет  үшін Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 
2011 жылдың  желтоқсанында Алматы облыстық әкімінің журналистер арасында өткізген байқауында «Үздік шығармашылық ізденісі үшін» номинациясы бойынша I-ші орын алып, облыс әкімінің  «Алғыс  хатына» ие болды. 2014 жылы тілді насихаттаудағы үздік  мақаласы үшін Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының дипломымен марапатталды. 
2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің  25 жылдығына  мерекелік  медалі, желтоқсанның 30 жылдығына» арналған мерекелік медальмен марапатталды. 
ҚР  халықтары  Ассамблеясының  «Дипломымен»  марапатталған.