Бағдат Сатылғанова – лингвист, Қазақстандағы Иран мен Ауғанстан елшілігінде ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан парсы тілінің аудармашысы

2007  жылы Абылай хан атындағы Халықаралық қатынас пен əлем тілдер университетін бітіріп, армандаған Иран Елшілігіне жұмысқа орналастым. Бұдан кейін Астанадағы Ауғанстан Елшілігі мен Алматыдағы бас консулдықта хатшы/аудармашы болып сегіз жылға жуық қызмет атқардым. Ауылдан келген қарапайым қазақ қызына елшілікке жұмысқа тұру үлкен мәртебе еді.

Мұнда жұмыс істеу оңайға соқпады, аса жауапкершілік, шапшаңдық пен төзімділікті қажет етті. Протоколдық жəне консулдық жұмыстарды атқару, іскерлік этикетті білу, жоғарғы лауазымды тұлғалардың, тіпті Президенттің аттарына келетін хаттарды қазақ /орыс/ парсы тілдеріне аударып, хат жазу менің міндетім болды. Елшілік – бұл екі мемлекет арасындағы экономикалық əрі саяси, мәдени қарым-қатынасты нығайтып, дамытатын байланыстырушы мекеме болып табылады. Мұндағы хатшы мен аудармашылардың еңбегі тасада қалып қоятыны бар...

Осы салада мен атқарған жұмыстар жеткілікті. Екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынастың орнауына, саммитерге, конференцияларға, əрі басқада жиналыстардың дайындықтарына белсене ат салыстым. Мәселен, Ауғанстанның бұрынғы Президентінен Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлына келетін құттықтау əрі ресми хаттардың біршамасын өзім аудардым. Алматы қаласында білім алып жатқан ауған студенттерінің  көптеген мәселелерін шешіп беруге қол ұшымды создым.