Бағлан – самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Самбодан Азия чемпионы. Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Әскери самбодан Азия және ҚР-ның чемпионы.

Бағлан Әбдіразах 1994 жылы 10 қазанда өмірге келген. Отырар ауданының тумасы. Жастайынан спортқа бейім болған Бағлан дәл осы Самбо күресімен 10 жасынан бері айналысып келеді. Аядай ғана ауылдағы спорт кешенінде жаттыққан Бағланды ауылдастары чемпион болады деп ойламаса керек.

Бағлан Әбдіразах Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті. Қазір ол Шымкент қаласындағы №1 олимпиада резервін даярлау мектебінде спорттық шеберлігін шыңдап жүр.