Бахаргүл Құрбанова-актриса, жүргізуші

Бахаргүл Құрбанова 1969 жылы Алматы облысының Панфилов ауданында дүниеге келген. 1990 жылы, ол Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтын бітірген. Оқу бітіре салысымен,  Бахаргүл Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка драма театрында актриса және жүргізуші ретінде жұмыс өтілін бастады. Б.Құрбанованың бірнеше басты рөлдерді сомдаған актрисалардың бірі. Оның еншісінде: М.Әуезовтің «Қаракөзінде»Қаракөздің, Ғ.Мүсірепов пен Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде» Қарлығаштың, «Ақан сері-Ақтотыда» Ақтотының, Ә.Тәжібаевтің «Майра» спектальінде Айбаршаның, Ф.Эрвенаның «Лисе-Красесінде» Каринаның, Кальманның «Сильвесында» Юлискидің, А.Чеховтың «Чайкасында» Машаның, С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Мухайенің рөлдері бар. Ал көрермен қауымның көкейінде қалған Бахаргүлдің, Т. Ахтановтың «Бізде ғашық болғанбызда» Айжанның, Б.Жакиевтің «Әке тағдырындағы» Жеңісбектің, Т. Ахтановтың «Күшік күйеу» атты комедиясында Боткидің, Д. Исабекованың «Сестра» атты драмасында Нәзиләнің және О. Ахметтің «Желтоқсан ызғарысында» Әсемнің рөлдерімен есте қалды.

20 жыл бойы Бахаргүл Құрбанова драмалық театрыда ойнаған рөлдерін көрермен қауымға жеткізіп, талантты актриса ретінде өзін көрсетті.