Бахыт Асылханұлы – Оңтүстік Қазақстан облысына танымал оташы дәрігер. Саналы ғұмырын медицина саласына арнаған ақ халатты абзал жан мейірімділігімен көптің ықыласына бөленген маман. 

Бахыт Асылханұлы еңбек жолын Түлкібас аудандық ауруханасында оташы дәрігер ретінде бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы,Түлкібас аудандық ауруханасында оташы бөлімінің меңгерушісі ретінде жалғастырды. Бүгін де Түлкібас аудандық емханасында оташы дәрігер.

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы атынан «Құрмет» грамотасымен марпатталған. 2010 жылы Нұр Отан партиясының «Құрмет» грамотасымен, 2011 жылы Қазақстан Республикасы тәулсіздігінің 10-жылдығы төс белгісімен марапатталған. Сондай-ақ оташы дәрігердің кеудесіне өңірлік Денсаулық сақтау басқармасы «Медицина саласындағы елулі еңбегі» үшін төс белгісін тақса, 2016 жылы мемлекеттік «Парасат» ордені табысталды. Бахыт Асылханұлы Түлкібас ауданының «Құрметті азаматы».