Бахрам Сабитов – қоғам белсендісі. Өзі туып-өскен өлкенің гүлденуіне барынша үлес қосып жүрген, жас буынға үлгі боларлық азамат.

Б.Сабитов қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді. 1990-1998 жылдары Қазығұрт аудандық Өзбек ұлттық  мәдени орталығының төрағасы қызметін атқарса, 2016 жылдан Қазығұрт аудандық білім бөлімінің кеңес мүшесі болды. Ал, 2016 жылдан Қазығұрт аудандық қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі, аудандық ақпараттық-насихаттық тобының лекторы лауазмын атқарды.

Сабитов Бахрамның көпжылдық еңбегі ескеріліп бірнеше рет аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен, 1999 жылы  аудан әкімінің Алғыс хатымен, 2001 жылы облыс әкімінің Алғыс хатымен, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалымен, 2012 жылы ОҚО Өзбек мәдени орталығының «Қоғам жанкүйері» төсбелгісімен, 2015 жылы «Қазақстан халық Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалымен марапатталған. 2017 жылы «Батаменен ел көгерер» аудандық байқауында бірінші орынды иегеленгені үшін Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірінші дәрежелі дипломымен марапатталған.