Мен, Баймұратов Бахтыбай Теңізбайұлы 26.03.1953 жылы Баймурат ауылы, Бурла ауданы, Алтай өлкесінде Баймуратовтар отбасында дүниеге келдім. Әкем – Баймуратов Теңізбай Қазанбайұлы, анам – Баймуратова Бижамал Болатқызы.

Алғаш  Бигелді орта мектебіне 1960 жылы барып, 1970 жылы Қаратай орта мектебін бітірдім. Аталмыш мектеп Қаратай ауылы, Успенка ауданы, Павлодар облысына қарасты.

1970 жылы Семей қаласындағы «Семей зоотехникалық- ветеринариялық институтына түсіп, 1975 жылы «Ветеринария» мамандығы бойынша білім алып шықтым. Сол жылы арнайы жолдамамен Павлодар облысы, Успенка ауданы, «Маяк» колхозына бас малдәрігері болып жұмысқа орналасып, 1978 жылға дейін қызмет атқардым.

бөлімінде нұсқаушы қызметін атқардым.

1981-1987 жылдары «Октябрьдің 40 жылдығы» атындағы колхозда партия 1978 – 1980 жылдар аралығында Семей облысы, Үржар ауданы, «Партияның ХХ- съезі» атындағы колхозда бас малдәрігері қызметінде болдым.

1980-1981 жылдар аралығында Үржар ауданы, партия комитетінде ұйымдастыру комитетінің хатшысы қызметін атқардым.

1987-1996 жылдары «Новая жизнь» колхозының басқарма бастығы қызметінде болдым.

1996 жылы колхоздың таратылуына байланысты «Көкөзек» жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастырып, сол шаруашылықтың басшысы қызметінде болдым. Кейін шаруашылықты қайта мемлекеттік тіркеуден өткізіп, атын өзгертіп, «БАҚ-ТҰР» ЖШС –да 2013 жылға дейін басшылық қызметте болдым.

1989-1994 жылдары Семей облыстық Кеңесінің депутаты сайланып, тұрақты комиссия төрағасы болдым.

1999 -2003 жылдары Шығыс Қазақстан облысының маслихат депутаты болдым.

2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Нұр Отан» партиясы» Үржар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарудамын.

Еңбек жолымдағы жеткен жетістіктерім мен істеген еңбектерім үшін төмендегідей мемлекеттік марапаттармен марапатталдым.

Марапаттары:

  1. ҚР 10 жылдығына арналған медаль
  2. ҚР 20 жылдығына арналған медаль
  3. ҚР тың игеруіне 50 жыл медаль
  4. ҚР Конституциясына 20 жыл медаль
  5. Ауыл шаруашылық саласын дамытуда қосқан үлесі үшін және, кәсіптік шеберлігі мен жоғарғы өндірістік көрсеткіштері үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. 2009 жылы
  6. ҚР Президентінің сайлауында белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасы Д.Ахметовтың алғыс хаты
  7. ҚР Президентінің сайлауында белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Н.Ә. Шерубаевтың  алғыс хаты
  8. ҚР Парламент мәжілісі мен маслихаттары депутаттары сайлауында белсенділік танытқаны үшін Партия төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың  алғыс хатымен марапатталды.

 

Отбасылы