Байтақ Төреханов – мемлекеттік қызмет істерінің майталманы

Елордасы Астананың іргетасының қалануына атсалысып, еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің тәжірибелі  маманы болған, жүрегі елім деп соққан азаматтың бірі – Байтақ Әдепханұлы Төреханов. Ол 1986 жылы Алматы облысы Панфилов ауданында құрылыс бөлімінде жұмыс істеп, 1987 жылы Алматы сәулет-құрылыс академиясының  «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» факультетіне оқуға түсіп, инженер-құрылысшы мамандығын алып шығады. 1989 жылы Қазақ ССР-нің Тіл туралы заңы қабылданған уақытта Байтақ Әдепханұлы қазақ тілінің мәртебесін көтеруге атсалысып, өзімен бірге оқитын студенттердің басын қосып, мемлекеттік тілде білім алу ұсынысымен жоғарғы оқу орнының ректорына хат жолдайды. 1990 жылы Қазақ ССР-і аумағындағы ең алғашқы қазақ тілінде білім алып, диплом қорғаған алғашқы түлектер – Қазақ сәулет – құрылыс академиясының студенттері болды.

 Өзінің белсенділігімен ерекшеленіп 1991 жылы 15 қарашада Қазақ ССР Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен  Алматы сәулет-құрылыс академиясы студенттері атынан кездесу бақытына ие болды. Осы кездесуде Елбасымыздың қолтаңбасын алып, осы сәт оның өмір жолының қалыптасуына бағыт-бағдар берді. 1996  жылдан бастап «Алматықалақұрылыс», «Ақмолақалақұрылыс» компанияларында еңбек етіп жаңа елордамыздың іргетасының қалануына өз үлесін қосты. Астана қаласының «Тұрғын үй департаменті» мемлекеттік мекемесінде қызмет атқарып, Қазақстан Республикасының астанасын салуға және мемлекеттік қажеттіліктерге байланысты ескі үйлерден жер үчаскелерін тазарту жұмысыны белсене араласты.  Еңбек ете жүріп Дінмұхамед Қонаев атындағы заң университетін тамамдайды. Әділет органдарындағы қызметін 2000 жылы Астана қаласының жылжымайтын мүлік орталығында маман ретінде бастайды. Кеіннен Ақмола облысы, Алматы облысы және Астана қаласы бойынша Жылжымайтын мүлік орталықтарының директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2017 жылдан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар минитрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-да қызмет жасауда. 2016 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел», «Менің Қазақстаным» пойыздарында Әділет министрлігі тарапынан халыққа қолжетімді құқықтық қызметтер көрсетіп және Елбасының саясатын насихаттауға атсалысты. Өңірлік әкімдіктердің алғыс хаттарына ие болды.

Сондай-ақ, Әділет органдарында еңбек өтілі уақытында жеткен жетістіктері үшін де талай мәрте марапатталған. Мәселен, ол «Астана қаласының дамуына қосқан зор үлесі үшін» алғыс хатымен, Міндеттелген жұмыстарды кәсіби деңгейде орындағаны үшін Әділет министрлігінің Тіркеу комитетінің Алғыс хатымен, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» ХДП-ның Құрмет грамотасымен,          ҚР Әділет Министрінің Құрмет грамотасымен, ҚР Әділет Минитрлігінің ІІ дәрежелі «Заңгер» төсбелгісімен және ҚР Әділет Министрлігінің «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Қазіргі таңда Байтақ Төреханов үш перзент тәрбиелеп, айрандай ұйып отырған отбасының отағасы. «Әке көрген оқ жонар» демекші,  екі ұлы да шет елдің жоғарғы оқу орындарын білім гранты бойынша тәмәмдап, әке жолын қуып мемлекеттік қызмет атқаруда. Ал, мың бұралған биші ару Шұғыла Байтаққызы өнер саласында өзін айқындап, қазіргі таңда Қазақ опера және балет театрында балет әртісі ретінде көрерменнің көзайымына айналып отыр.