Бақыт Балтабеков - педагог

Бақыт Балтабеков – Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Бүгінде ол іскерлігімен қоғам белсендісіне айналған азамат. Қазіргі таңда туған өлкесіндегі Ақжайық шағынауданының ауыл биі. Сол аймақтағы әлеуметтік және коммуналдық маңызды мәселелерді шешумен айналысады. Сондай-ақ, ауылдағы түрлі ұлт өкілдерінің тығыз қарым-қатынаста, бірлікте, тату өмір сүруіне үлес қосып келеді. Жергілікті халықпен қоян-қолтық жұмыс істеп келе жатқан Бақыт Балтабеков Қаратау ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Қазіргі таңда №59 мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.