Бақытбек  Алпысбаев (1948 жылы дүниеге келген) – актер. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі(1990). М. Әуезов атында академ. драма театрының студиясын (1970), Т. Жүргенов атында кино және театр институтын (1996) бітірген. 1969 жылдан Қызылорда облыстық драма театрында жұмыс істейді. 2004 жылдан театр директоры. Соңғы жылдары Алпысбаев театр сахнасында Лопахин (А.П. Чехов, «Шие бағы»), Қарабай (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш Баян сұлу»), Шадыр (Т.Әліпбай, «Исатайдың барында»), т.б. рөлдерді ойнады. 1998 жылдың үздік актері, Республиалық VІІІ-ші театр фестивалінің жүлдегері Павлодар (2000), облыс әкімінің стипендиаты (2001) болды.

Үсітімздегі жылы Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі Бақытбек Алпысбаев "Сахнагер-2017" Ұлттық театр сыйлығы бойынша «Сахналық ғұмыр» номинациясын иеленді.