Бақытбек Текіманов-дәрігер

Бақытбек Текіманов 1976 жылы туған. Павлодар облысының штаттан тыс балалар нейрохирургы, білікті травматолог-ортопед.

Дәрігер медициналық журналдарда мақалалар жариялап,  ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді түрде қатысады. Мысалы, 2009 жылы «Салауатты жүктілік - Салауатты қоғам» атты ғылыми-практикалық конференциясында «Балалардағы контингентті емдеу тәжірибесі» атты ғылыми мақаласы жариялады. 2012 жылы «Мектеп жасындағы балалардағы жамбас сынықтарын емдеудің клиникалық жағдайлары», «Облыстық педиатриялық көмекті дамыту перспективалары» секілді мақалалары газет беттерінде жарық көрді. Сондай-ақ 2014 жылы «Павлодар облысындағы медицина ғылымы, білім және тәжірибе» VI ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағында «Мектепке дейінгі жастағы балаларды емдеуде Scotchcast, Softcast полимер материалдарын қолдану тәжірибесі» мақалаларында, оқырман қауымға өз тәжірибе жұмыстарының қалай өткендігі жайлы баяндады. Ал 2015 жылы «Жаңа туған нәрестелерде қарқынды геморрагиялар үшін катетерлі резервуардың көмегімен қылқалам-субгалы дренажды қолдану тәжірибесі», «Облыстық педиатриялық көмекті дамыту перспективалары» атты мақалалары арқылы, газет оқырмандарын медицина саласына деген қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, Бақытбек Текіманов «Жаңа туылған нәрестелерде нейрохирургиялық араласуды қажет ететін интрацентриарлы геморрагиялар диагностикасы мен емдеудің бірлескен хаттамасының клиникалық бөлігі» атты көпшілік қауым алдында баяндама жасады.

2015 жылы дәрігерлердің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған байқауда Б.Текіманов «Үздік дәрігер» атты номинациясын жеңіп алды