Бақытжан Жақсықұлов – Олимпиадалық дәрежедегі төреші

Бізде күрестен халықаралық дәрежедегі төрешілер некен-саяқ. Соның бірі Бақытжан Жақсықұлов. Ол бірнеше жылдан бері жаттықтырушылық қызметті де қоса атқарып келеді. Оның шәкірттері талай додаларда ел намысын абыроймен қорғап жүр.

Бақытжан Ержанұлы  1963 жылы  9 қазанда  Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында  дүниеге келген.

Еңбек жолын 1986 жылы №8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы болып бастаған. 1999-2006 жылдар аралығында ШҚ №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде аға жаттықтырушы. 2003-2009 жылдар аралығында ОҚО  еркін күрестен аға жаттықтырушы, 2006-2008 жылдар аралығында  ауыр атлетика мектебінде директордың оқу-спорт жөніндегі орынбасары, 2008-2010 жылдарында №3 спорт мектебінде еркін күрестен аға жаттықтырушы қызметін атқарды. 2011-2013 жылдар аралығында ОҚО жекпе-жек түрлерінен жоғары спорт шеберлер мектебінің еркін күрес бөлімінің аға жаттықтырушысы.

2013 жылдан «Шымкент қаласының Ләззат Тәжиева атындағы №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры. ХХХ жазғы Лондон олимпиадасында Бақытжан Ержанұлы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен төрешілік етті.

2011-2015 жылдары Халықаралық Олимпиадалық дәрежедегі төреші, 2015 жылдың мамыр айынан бастап United World Wrestling Супервайзері (Азия құрылығының төрешілерінің кураторы) атақтарымен және Қазақстан Республикасы Спорт министрінің грамотасы, ОҚО Әкімінің грамотасы, ОҚО 80-жылдығына арналған төс белгісімен, ОҚО маслихат депутаттарының грамотасымен, Шымкент қаласының маслихат депутаттарының грамотасымен  марапатталған. 2012 жылы Лондонда өткен ХХХІ Жазғы олимпиадада төреші міндетін және 2016 жылы Бразилияда өткен ХХХІ Жазғы олимпиада ойындарында еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Супервайзер міндетін атқарды.