Бақтыгүл Алшериева – білім саласының қызметкері

Шәкірт тәрбиелеп, білім саласында аянбай тер төгіп жүрген кейіпкеріміз қайырымдылықпен де айналысуды ұмытқан емес. Ата-анасының мейірімінсіз қалған қос бүлдіршінді бауырына басып, бүгінде көпбалалы отбасыға айналып отыр.

Бақтыгүл Амангелдіқызы 1963 жлдың 14-наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген.

Білім саласында жеткен жетістіктері үшін аудандық білім бөлімі, облыстық білім басқармасының  мақтау қағаздары, бірнеше алғыс хаттарымен марапатталған. 2014 жылы «Әлемнің асылы» қоғамдық бірлестіктің медалін кеудесіне тақты.

Қайырымды ана көпбалалы отбасы болуды әрқашан армандап келген екен. Сол үшін де балалар үйінен 2 баланы асырап, оларды өз балаларынан кем қылмай, бар мейіріміне бөлеп, бауырына басып тәрбиелеп жатыр. Отбасыдағы үш қыз, екі ұл бір атаның балаларындай өсіп келеді.