Балтабай Жәмешов – Арал ауданы, Ақбасты елді мекенінде туған. 1977 жылы отбасымен Жалағаштағы Бұқарбай ауылына көшіп келіп, мектепті осы жерден бітіріп, алғашқы еңбек жолын да осы ауылдағы №33 орта мектепте бастайды.

Ол Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, «Облыстық үздік мұғалімдер» байқауында бас жүлдесін еншілеген. 29 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан оның білім беру ісіндегі еңбегі ерен.

Шәкірттері математика бойынша республикалық, халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атанып жүр.