Басбаева Мадина Қуандықызы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – балет труппасының жетекші солисті.

Басбаева Мадина 1985 жылы 15 қаңтарда дүниеге келді.  2003 және 2013 жылдары аралығында К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әртісі ретінде қызмет атқарды, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының балеттің жетекші  солисті болып табылады,  театр репертуарының барлық балеттік спектаклдерінде жетекші партияларды орындайды. Бордо Ұлттық операсының шақырылған солисті (Франция). «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына иеленді.

Театрда қызмет атқару барысында театр өнерінің көрермендері мен табынушылары арасында танымдылыққа ие болған көптеген қойылымдарға қатысты.  Мәдениет саласындағы Мемлекеттік стипендия иегері (2012),   «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің І сыйлық лауреаты (Астана, 2006, 2009), «Бәйтерек» халықаралық балет әртістері байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (Астана, 2006), «Рим премиясы» халықаралық балет әртістері байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Италия, 2007), «Бәйтерек» халықаралық балет әртістері байқауының Гран-при иегері (Астана, 2009).

Әртістің кәсіби деңгейлері мен шығармашылық әлеуеті жоғары деңгейде. Мына балеттік қойылымдарда жетекші партияларды орындады: Марияның партиясы (Б. Асафьев, «Бахчисарайский фонтан»), Одетта-Одиллияның партиясы (П. Чайковский, «Аққу көлі), Маридың партиясы (П. Чайковский, «Щелкунчик»), Никияның партиясы (Л. Минкус, «Баядерка), Китридың партиясы (Л. Минкус, «Дон Кихот»), Аврораның партиясы (П. Чайковский, «Ұйқыдағы ару»), Джульеттаның партиясы (С. Прокофьев, «Ромео и Джульетта»), Фригияның партиясы (А. Хачатурян, «Спартак»), Сванильданың партиясы (Л.Делиб, «Копеллия»), Эсмеральданың партиясы (Ц.Пуни, «Эсмеральда»), Жизельдың партиясы (А.Адан, «Жизель»), Медораның партиясы (А.Адан, «Корсар»), Сильфиданың партиясы (Х.Левенсхольд, «Сильфида»), Лизаның партиясы (П.Гертель, «Тщетная предосторожность»), Мазурканың партиясы (Ф.Шопен, «Шопениана»), Эсмеральданың партиясы (М.Жарр, «Собор Парижской Богоматери»), Манонның партиясы (Ж.Массне, «Манон») және т.д. Осы партияларды орындау арқылы кәсіби деңгейін көрсетеді. Маңызды үкімет мәдени іс-шараларға, Ресей, Қытай, Италия, Беларусь елдерінде гастрольдерге қатысты.

РЕПЕРТУАР:

Мария (Б. Асафьев, «Бахчисарайский фонтан»)

Одетта-Одиллия (П. Чайковский, «Аққу көлі»)

Мари (П. Чайковский, «Щелкунчик»)

Никия (Л. Минкус, «Баядерка»)

Китри (Л. Минкус, «Дон Кихот»)

Аврора (П. Чайковский, «Ұйқыдағы ару»)

Джульетта (С. Прокофьев, «Ромео и Джульетта»)

Фригия (А. Хачатурян, «Спартак»)

Сванильда (Л.Делиб, «Копеллия»)

Эсмеральда (Ц.Пуни, «Эсмеральда»)

Жизель (А.Адан, «Жизель»)

Медора (А.Адан, «Корсар»)

Сильфида (Х.Левенсхольд, «Сильфида»)

Лиза (П.Гертель, «Тщетная предосторожность»)

Мазурка (Ф.Шопен, «Шопениана»)

Эсмеральда (М.Жарр, «Собор Парижской Богоматери»)

Манон (Ж.Массне, «Манон»)