Амалбаев Батырхан Ескендірұлы – жеке кәсіпкер. Өзі туып-өскен өңірдің гүлденуіне өлшеусіз еңбек сіңірген азамат.

1956 жылы 1 қыркүйекте Төлеби ауданында дүниеге келген. 

Еңбек жолын Ленгір қаласындағы темір-бетон зауытында шебер болудан бастап, аудандық тұрмыстық қамту бөлімінің бастығы қызметіне дейін көтерілген. Бүгінде өз шаруасын дөңгелеткен жеке кәсіпкер, нарықтық жағдайларға байланысты «Қаржан-Тау» мен «НС Люкс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылатыр фирамаларды ашқан. Осы фирамалардың арқасында аудан көлеміндегі мектеп, бала-бақшаларға газ-су құбырларын жүргізді, сондай-ақ түрлі құрылыс нысандарын салып, кіндік қаны тамған өңірдің гүлденуіне өлшеусіз үлес қосып келеді. 2015 жылдан бастап туған ауылы Ақайдарға өз қаражатына мешіт салдырып, жұрттың алғысына бөленді. Бұдан өзге де талай игілікті істерге демеушілік етіп,  халықтың алғысы мен ықыласына бөленіп жүр. «Қаржан-Тау» мен «НС Люкс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бастығы.