Батырхан Сәрсехан – республика көлеміне ерекше феномен ақын ретінде танымал. Ақиық ақындар Мұхтар Шаханов, Төлеген Айбергеновтің ізімен ұқсас стильде өлеңдер жазып жүрген жас ақын.

Ақын жырларына жастықтың жалын қызуы мен  өмірге іңкәрлік, азаматтық берік ұстанымын паш етеді. Туған жерге, Отанға деген патриоттық сезімі әрбір шығармасының арқауы.

Батырххан халықаралық «Бейбітшілік әлемі» байқауының жеңімпапазы. Ол  2014 жылы «Шабыт» фестивалінің гран-при  жүлдесін жеңіп алса,  Халықаралық Саттар Ерубаевтың жүз жылдығына орай өткен жыр мүшайрасында 2 орынды қанжығасына байлады. Республикалық  Қожабереген жырауға арналған  ақындар байқауында 2 орын иеленсе,  республикалық «Шырайлым-Шұбайқызылым» атты ақындар байқауында да 2 орын алды. Ал, 2013 жылы облыстық «Шырайлым-Шұбайқызылым» атты жас ақындар байқауында бас жүлдені қанжығалады. Бірнеше аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы.