Батпа Бабақұлова – педагог

Батпа Исабекқызы білікті ұстаз ғана емес, көп балалы ана. Оның оқушылары аудандық, облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орыннан көрініп, ұстаз мерейін асырып жүр.

Ол 1971 жылдың 12-қазанында, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Оның шәкірт тері: 2014 жылы орыс тілі пәнінен қалалық оқушылар олимпиадасында оқушысы Алметаев Архат жүлделі І орынға ие болды, дәл сол жылы оқушысы Жуматаева Мерей қалалық мәнерел оқу байқауында ІІ орын иеленді,  «Русский медвежонок - языкознание для всех» халықаралық    сайыста оқушылары Алметаев Архат, Омарбекова Сания жүлделі І орынды иеленді, халықаралық «Новый урок» олимпиадасында 4 оқушыcы І орындарды иеленді.

Ал 2015жылы  оқушылардың Кіші Ғылым Академиясының облыстық ғылыми жоба жарыстарында  Омарбекова Сания жүлделі І орынға ие болды, Халықаралық «Инфоурок» олимпиадасында 10 оқушысы І, ІІ орындарды иеленді, халықаралық «Русский медвежонок - языкознание для всех» сайыста Жуматаева Мерей ОҚО бойынша ең жоғары 125 балды жинап І орынды иеленді,

Осы жылы өзі облыстық «Ең үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі-2017» байқауда ІІІ орынға ие болса, «Нұрлы болашақ» республикалық қашықтық олимпиадада 4 оқушысы жүлделі орындардан көрінді.

Білікті ұстаз, білімді маман Батпа Исабекқызынан біліммен сусындап шыққан кез келген шәкірт оның өз ісінің нағыз шебері екенін айтады.