Бауыржан Актаев Жанбирбаевич - Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері. 1986 жыл дүниеге келген. 

2005 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Домбыра» номинациясының дипломанты атанып,2007 жылы Республикалық домбырашылар сайысында І-ші орын,республикалық фольклорлық аспаптар сайысында І-ші орын, 2012 жылы М.Өтемісұлының 200 жылдығына орай өткен Дәстүрлі әншілер сайысында Бас жүлде иеленді.

2013 жылы Атырау облысының ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығында «Ақ ерке-Жайық» фольклорлы ансамблін ұйымдастырып, жетекшілік еткен. Б.Ақтаев Алматы,Ақтөбе,Атырау облыстарында бірқатар ансамбльдердің негізін қалап, ол құрған ансамбльдер байқауларда жүлделі орындардан көрінген.Алматы қаласында «Бабалар сазы» фольклорлық ансамблі халықаралық «Ғасырлар сазы» фестивалінің лауреаты атанды.Осы ұжыммен Германия,Түркия, Польша, АҚШ елдерінде,Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақ мәдениетін насихаттады.

2013 жылы «Сүйінбай сазы» фольклорлық ансамблі Алматы облыстық ансамбльдер конкурсының Бас жүлдесін иеленді.Атырау облысындағы «Ақ Ерке-Жайық» ансамблі Ресей Федерациясының Астрахань облысында өткен халықаралық конкурстың Бас жүлдесін жеңіп алды.