Бауыржан Кененбаев - өрт сөндіру бөлімінің командирі

Бауыржан Кененбаев 1976 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келді. Қазіргі уақытта Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.

Азаматтық қорғау старшинасы Кененбаев Бауыржан Турешович азаматтық қорғау органында 2004 жылдың тамыз айынан бастап, аталған лауазымда 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет атқарып келеді.

Бауыржан қызмет атқару барысында өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, берілген тапсырмалар мен бұйрықтарды уақытылы және сапалы орындап, сонымен қатар, ірі және күрделі өрттерді сөндіруге бірнеше рет қатысқан.

2017 жылғы 6 сәуірде Ә. Бөкейхан көшесі, 74-үйдің 3-қабатының түтіндеп жатқандығы туралы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне 14 сағат 39 минутта хабарлама келіп түсті. Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аталған мекенжайға дабыл бойынша шығып, барлау жұмыстарын жүргізу барысында 3-қабатта балконның түтіндеп жатқанын анықтайды. Сондай-ақ, жоғарғы қабаттарға барлау жұмыстарын жүргізуге 4 адамнан құралған газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны құрылып адамдарды құтқару, қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарына кіріседі. Атап айтқанда: бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Бауржан Кененбаев 4-қабаттағы №52 пәтерден 1 қарт мүгедек-әйелді автосаты арқылы құтқарды және 3-қабаттан №32 пәтерден 2 әйелді, 1 жасөспірім баланы кіреберіс баспалдақ арқылы қауіпсіз жерге көшірді.

Б.Кененбаев өрт сөндіру барысында ұтымды шешім қабылдап, кәсіби шеберлігімен қайсарлық  көрсетіп, өрттің әрі қарай таралуына жол бермей, адам өмірін арашалап қалды. Айта кетерлігі, мемлекет тарапынан «Құтқарушы» ІІІ дәрежелі төсбелгісімен марапатталды.