Бауыржан Жаркынбекұлы – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетің «Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі.

Газ-мұнай құбырларын жобалау», «Мұнай-газ қондырғыларын коррозиядан қорғау», «Газ-мұнай құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын пайдалану» пәндерінен 5В070800 – «Мұнай-газ ісі» мамандығы студенттеріне дәріс оқып, зертханалық және тәжірибелік жұмыстар жүргізеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Оның жетекшілігімен жасалған жобалар 2013, 2015 және 2016 жылы Республикалық студенттердің ғылыми жобалар байқауында тиісінше жүлделі екінші, үшінші және екінші орынды иеленді.

2011-2012 және 2012-2013 оқу жылдарының қорытындылары бойынша сәйкесінше кафедраның және факультеттің үздік оқытушысы номинацияларының жеңімпазы атанды.

75 ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 инновациялық патенттің, 1 монографияның авторы.