Бейбарыс Батырбек – тоғызқұмалақшы

Бейбарыс жас та болса, өзінің ерекше қағылезділігмен тоғызқұмалақты тез-ақ үйреніп, көптеген жарыстарда өзін көрсете бастады.

Ол 2002 жылы 8 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылында дүниеге келген.  Қазіргі уақытта М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің және №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы.

Бүгінге дейін Бейбарыс Батырбектің жеткен жетістіктері біршама. Мәселен, 2011 жылы Қызылорда қаласында өткен тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында 2 орынды иегенді; 2012 жылы Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында өткен жарыста 1 орын; 2016 жылы  Орал қаласында өткен жарыста 1 орынды иеленді; 2016 жылы қараша айында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Ресейдің Таулы Алтай қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.