Бірімғазы Бейбіт  Оралұлы - сазгер,әнші. 1987 жылы Ленинградтағы мәдениет институтын бітірген. Алматы қаласында "Жас дәурен" өнерпаздар тобын ұйымдастырды.Сазгерлікпен шығармашылық жолын бастап, 200-ден астам ән жазды. Қазақстан композиторлар  Одағының мүшесі. 2004,2005,2006,2011-2014 ж.ж. "Елім менің","Тәуелсіздік толғауы" конкурстарының жеңімпазы. 1999 жылы бір әнін Египетке алып барды.

2015 жылдың ақпан айында Ақтөбе қаласында кастинг жасап, өз продюсерлік орталығына талантты 15 жас өнерпаздарды таңдаудан өткізді. 1997 жылы ҚР Президенті сыйлығына ие болды. 1999 жылы Халықаралық "Азия дауысы" конкурсында "Ең үздік композитор" атағына ие болды. Халықаралық "Азия дауысы" Қазақстан әндері фестивалінің 7 дүркін жеңімпазы. Халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, "Құрмет" орденінің иегері, Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданының құрметті азаматы. Оның әндері мен шығармаларын Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, А.Жорабаева,Ж.Дұғалова т.б. көптеген әншілер орындайды. Бейбіт Оралұлы тәуелсіздік алған жылдары өзінің өнерпаздар тобын құрып,еліміздің мәдениет саласының дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан азамат.