Бекайдар Адамбекұлы көпке үлгі боларлық азамат. Біріншіден, Бекайдар Тойлыбаевтың  жазған ғылыми еңбектері барлығы ұлттық тәрбие, елімізде құқықтық мәдениетті қалыптастыру, тәрбиелеуге бағытталған.

1962 жылы 16 қарашада Төлеби ауданында дүниеге келген.  2 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырған ардақты әке, үлгілі жар.

Бекайдар Адамбекұлының өмірлік ұстанымы бірнеше нақыл сөзге саяды: «Теріңді елге немесе жерге төк», «Ержігіт елуге келгенде елді ойлайды», «Ерді өмірге әкелетінде оның ерлігін бағалайтын да ел».

Жоғарыда атап өткеніміздей, кейіпкеріміздің есімі төмендегі әрекеттері үшін  «100 жаңа есім» жобасына лайық деген пікірдеміз.

Біріншіден, Бекайдар Тойлыбаевтың  жазған ғылыми еңбектерінің бәрі ұлттық тәрбиеге негізделген. Сонымен қатар елімізде құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталғандығымен құнды.

Екіншіден, Ақайдар ауылына спорт алаңын жасап, аялдаманы екі рет қойды, үнемі көше тазалығы мен көгалдандыру мақсатында ағаштар өсіруде, ауылдағы көкейтесті мәселеге айналған екі кішігірм көлік өтетін көпір салып берді.

Үшіншіден, Ақайдар әкімшілігімен бірлесіп тәрбиелік мәні бар Ақайдар жүлдесі үшін жарыстар өткізді, аналарға сый ретінде 100 анаға демеушлік көрсетті.

Төртіншіден, «Жетім көрсең, демей жүр» демекші 2-әлеуметтік жағдайы төмен балаларды қамқорлыққа алып, мектепке және басқа уақытта көмектесіп келеді.

Бесіншіден, Ақайдар мектебіне үнемі тәрбиелік іс шара өткізеді және арнайы бір аудиторяны толығымен жөндеп парта, тақта және т.б. жиһаздармен қаматамасыз етті. 

Алтыншыдан, Елбасы Н.Назарбаевтың Рухани жаңғыру мақаласына сай өзінің туған ауылына 100 орындық «Ханбибі ана» бала бақшасын салып беру жұмыстарын қолға алып, қазіргі таңда жүзеге асыруда.

Жетіншіден, Ауданда өткізілетін жарыстарға демеушлік көрсетіп, өз қаражатына спорт мектебіне күрес кілемін тарту етті. Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы.