Бекасыл Төлендиев – «Азамат-R» компаниялар тобы директоры

Бекасыл Расулұлы білікті басшы ғана емес, қолы кең қайырымды жан. Оның демеушілігімен мешіт пен ардагерлер үйі салынды. Сол секілді жұмыссыз жүрген бірнеше жан екі қолға бір күрек тауып, жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр.

Ол 1965 жылдың 4-сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Жаңабазар ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті үздік бітіріп, Шымкент қаласындағы автомеханикалық техникумына оқуға түседі. 1984 жылы техникумды «Техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді жөндеу» мамандығы бойынша бітіріп,  Үздік белгі дипломымен «Техник-механик» мамандығын алып шыққан.

Еңбек жолын 1983 жылы Горький автомобиль зауытының мөрлеушісінен бастады. 1986-92 жылдары Сайрам ауданы, гидрологиялық экспедицияның жүргізушісі, 1992-95 жылдары Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының аға инспекторы, 1995-96 жылдары «Парзуев и компания» ЖШС бақылаушысы, 2000 жылы «Азамат-R» ЖШС-ін ашып, ел игілігіне қызмет етіп келсе, 2005 жылдан бері «Азамат-R» компаниялар тобын құрып, оны қазіргі күнге дейін басқарып отыр.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жаңабазар ауыл округі, Қарабастау елді мекеніндегі «Береке» шаруа қожалығына Австралия елінен «Ангус» тұқымды 300 бас бұқа әкеліп, «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасымен 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Бекасыл Расулұлының демеушілігімен Қарабастау ауылында 2008 жылы мешіт салынып, халықтың игілігіне берілді. Сондай-ақ, 2013 жылы Жаңабазар ауыл округіндегі Ардагерлер үйінің салынуына демеушілік көрсетті және Шымкент қаласындағы Абай саябағында қойылған «Даңқ аллеясын» өз қаржысына салып берді.

Бүгінде өзі басқарып отырған «Азамат-R» компаниясы жылдан жылға алға ілгерілеп келеді. Компанияның қарамағында 300-ге тарта техника және 420 адам жұмыс атқарады.