Бекетаева Айгерим Болатбекқызы 1991 жылы 20 шілдеде дүниеге келген.  

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – балет труппасының жетекші солисті.

Бекетаева Айгерим Болатбековна «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының балеттің жетекші солисті болып табылды, театр репертуарының барлық балеттік спектаклдерінде жетекші партияларды орындайды. Б. Эйфманның Санкт-Петербург мемдекеттік академиялық балет театрының шақырылған солисті. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына иеленді.

Театрда қызмет атқару барысында театр өнерінің көрермендері мен табынушылары арасында танымдылыққа ие болған көптеген қойылымдарға қатысты.  Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың стипендиясының иегері,   халықаралық байқауларының лауреаты, «Өрлеу» I Халықаралық балет әртістері байқауының дипломанты (2008), «Шабыт» Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегері (Астана, 2012), Юрий Григоровичтің «Әлемнің жас балеті» Халықаралық байқауының дипломанты (2012), Варнадағы Халықаралық балет әртістері байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (Болгария, 2012), Рудольф Нуреев атындағы Халықаралық балет әртістері байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (Будепешт, 2013), XII Мәскеу халықаралық балет әртістері мен хореографтар байқауының дипломанты (Үлкен театр, 2013), «Гран-при Сибири» Халықаралық балет әртістері байқауының ІІ сыйлық лауреаты (Красноярск, 2014), ҚР тұңғыш Президентінің мәдениет және өнер саласындағы Қоры сыйлығының лауреаты (2014).

Әртістің кәсіби деңгейлері мен шығармашылық әлеуеті жоғары деңгейде. Мына балеттік қойылымдарда жетекші партияларды орындады: Аврораның партиясы (П. Чайковский, «Үйқыдағы ару), Камилланың партиясы (Б. Эйфман, «Роден»), Джульеттаның партиясы (С. Прокофьев, «Ромео и Джульетта»), Одетта-Одиллияның партиясы (П. Чайковский, «Аққу көлі»), Эгинаның партиясы (А. Хачатурян, «Спартак»), Мариның партиясы (П. Чайковский,  «Щелкунчик»), Зареманың партиясы (Б. Асафьев, «Бахчисарайский фонтан»), Гамзатти, Никияның партиясы (Л. Минкус, «Баядерка»), Эсмеральданың партиясы (М. Жарр, «Собор Парижской Богоматери»), Аққудың партиясы (К. Сен-Санс, «Умирающий лебедь»), Китриның партиясы (Л. Минкус, «Дон Кихот»), Медораның К. Сен-Санс (А. Адан, «Корсар»), Солистканың партиясы (Л. Минкус пен Э. Дельдевез, «Пахита»), Сильфиданың партиясы (Х. Левенсхольд, «Сильфида»), Флер де Лиздың партиясы (Ц. Пуни, «Эсмеральда») және т.д. Осы партияларды орындау арқылы кәсіби деңгейін көрсетеді. Жетекші әлемдік мәдени алаңдарда Б. Эйфманның «Роден» балетінде Камилланың жетекші партиясын орындады (Будапешт қ. (Венгрия), Лондон қ. («Колизей» театры (Ұлы Британия), Испания бойынша турне). Маңызды үкімет мәдени іс-шараларға, Ресей, Қытай, Италия, Беларусь елдерінде гастрольдерге қатысты.

РЕПЕРТУАР:

Аврора (П. Чайковский, «Ұйқыдағы ару»)

Камилла (Б. Эйфман, «Роден»)

Джульетта (С. Прокофьев, «Ромео и Джульетта»)

Одетта-Одиллия (П. Чайковский, «Аққу көлі»)

Эгина (А. Хачатурян, «Спартак»)

Мари («П. Чайковский, «Щелкунчик)

Зарема (Б. Асафьев, «Бахчисарайский фонтан»)

Гамзатти, Никия (Л. Минкус, «Баядерка»)

Эсмеральда (М. Жарр, «Собор Парижской Богоматери»)

Лебедь (К. Сен-Санс, «Умирающий лебедь»)

Китри (Л. Минкус, «Дон Кихот»)

Медора (А. Адан, «Корсар»)

Солистка (Л. Минкус пен Э. Дельдевез, «Пахита»)

Сильфида (Х. Левенсхольд, «Сильфида»)

Флер де Лиз (Ц. Пуни, «Эсмеральда»)