Берік Сексенбекұлы – қазақ эстрадасында фагот аспабын меңгерген әншілердің бірегейі. Дәстүрлі және эстрада әншісі, композитор.

Берік Сексенбекұлы 1976 жылы 22 қыркүйекте Отырар ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген. Дәстүрлі және эстрада әншісі әрі сазгер. 1996 жылы Аққұм ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебін тәмамдаған.  Оңтүстік Қазақстан саз колледжін, 2012 жылы Шымкент университетін бітірген. Бүгінгі таңда қазақ эстрадасында фагот аспабын меңгерген әншілердің бірегейі.  Тыңдармандар арасында кеңінен танымал «Мәңгілік Ел», «Астана», «Қимаймын», «Қаракөз қарағым-ай», «Алматы», «Құдалар», «Ақ гүлім» әндерінің авторы. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өзінің авторлығындағы «Шәуілдір кеші» әнін тарту етіп, ақын Серік Сейтманның шығармашылық кешінде тұсауын кесті.