Бибігүл Жанұзақ – Нағыз өнер қайраткері, шығармашылық, шығармашылық және тағы да шығармашылық. 

Қазақ ұлттық музыка академиясын «Опералық ән айту» мамандығы бойынша бітіріп шықты (Р. Тіленшиева сыныбы, 2007). Йези қаласында (Италия, 2010 ж.); Associazione Opera Italiana di Bologna’да,  (Болон қ., Италия); ACCADEMIA Teatro alla Skala’да (Милан қаласында Мирелла Френнидің шеберлік сыныбында) халықаралық машықтанудан өтті.

2006 жылдан бастап Астана қаласының Мемлекеттік филармониясының солисті болып қызмет етті. 2007 жылдан К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрыныңопера труппасының солисі. 2013 жылдан «Астана Опера» МОБТ солисі.

МАРАПАТТАУЛАРЫ:

XII республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты (Астана қ., 2001)

Ғ. Жұбанова атындағы республикалық байқауының І жүлделі лауреаты, (Астана қ., 2004)

Романсиада» халықаралық байқауының ІІ жүлделі лауреаты (Шымкент қ., 2005)

«Шабыт» халықаралық фестивалінің І жүлделі лауреаты (Астана қ., 2007)

Н. Сабитов атындағы VII халықаралық байқауының лауреаты, (Уфа қ, 2008)

Ф. Шаляпин атынд. І халықаралық «Плес маңындағы дауыстар» байқауының дипломанты (Плес қ., Ресей, 2010)

Б. Төлегенова атындағы V халықаралық байқауының І жүлделі лауреаты (Астана қ., 2011)

М. Биеш атындағы І халықаралық вокалшылар байқауының дипломанты және М. Биеш атындағы арнайы жүлдесінің иегері (Кишинев қ, 2012)

РЕПЕРТУАРЛАРЫ:
ЖібекҚарлығаш (Е. Брусиловский, «Қыз Жібек»)
Ажар (А. Жұбанов және Л. Хамиди, «Абай»)
СараАлтынай (М. Төлебаев, «Біржан-Сара»)
Қамар (Е. Рахмадиев, «Қамар сұлу»)
Мими (Дж. Пуччини, «Богема»)
Манон (Дж. Пуччини, «Манон Леско»)
Барбарина (В.А. Моцарт, «Фигароның үйлену тойы»)
Татьяна (П. Чайковский, «Евгений Онегин»)
София (Ж. Массне, «Вертер»)
Мамыр (Б. Қыдырбек, «Қалқаман-Мамыр»)