Болат Ашабаев – мәдениет саласының қайраткері

Жүрегі жырға, көкірегі ғажайып сырға толы, туған  халқының мәдени өмірінің кешегісі мен    бүгінгісінен хабардар, биік парасатты қаламыздың қадірлі азаматтарының  бірі Болат  Бұзаубайұлы. Мемлекеттік  кәсіпорынның тізгінін ұстап, ауданымыздың  әр түкпірінде қазақ   әндері  мен  сахналық қойылымдарын, мерекелік шараларды қызғылықты  өткізілуіне  үлкен  үлесін  қосып,  мәдени өмірдің  жүрек соғысы  болып еңбектенуде. 1980 - ші  жылдары  Болат Ашабаев  өз  оркестрімен  Алматының сахнасында өнер  көрсетуімен алғаш  Республикаға       танымал өнер адамдарымен  кездесіп, тәжірибесін,  біліктілігін  жетілдіре түседі. Оркестрде  дирижерлік етеді. Қазақ ССР-нің 60 жылдық мерекесіне байланысты өткізілген облыстық ақындар айтысының «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Қазақ  ұлттық  оркестірі  «Халық»   атағына   ие болғаннан кейін «Достар» ансамбілін  құрды. 1985 жылы Облыстық жеке  әншілер байқауында Лауреат атағын иеленді. Сонымен қатар  қаламызда ашылған саз мектебінде алғашқы домбыра сыныбын ашты. 1999 -2008 ж.ж аралығында Хромтау аудандық  мемлекеттік коммуналдық    қазыналық   кәсіпорын «Мәдени» демалыс ұйымдастыру бөлімін басқарады.