Болат Бащжанов – заңгер, Қазақстандағы ММА федерациясының халықаралық дәрежедегі төрешісі

Болат Қайыргелдіұлы заңгерлік қызметімен бірге, спортты да жанына серік етіп, бірнеше турнирлерден жүлдегер атанған. Аралас жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі төреші. Өзі заңгер, өзі спортшы адамның жазушылық та қыры барын елестетіп көріңізші. Расында, Болаттың тамаша хикаяларын басылым беттерінен оқи аласыздар. «Жігітке жеті өнер де аз» деген осы шығар.

Болат Қайыргелдіұлы 1985 жылы 18 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Ақмола облысының Бурабай ауданының Зеленобор мектеп-гимназиясын бітіреді.

Оқушы кезінен алғыр Болат Қазақстан тарихы бойынша ғылыми зерттеулер жасап, нәтижесінде Қазақстан тарихы бойынша Қарағанды облысының Шағын ғылым академиясының өткізген байқауының жүлдегері, Қазақстан тарихы бойынша Ақмола облысының мектеп оқушылары арасында өткізілген олимпиада жүлдегері, Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының Қазақстан тарихы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жүлдегері атанады.

Болат 2003 жылы Қарағандыдағы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Ұлттық университетіне заңгер мамандығына оқуға түсіп, 2007 жылы бітіріп  шығады. 2007 жылы Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (қазіргі уақытта - Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.) компаниясының өткізген оқу бағдарламасына түсіп, 2009 жылы келісім-шарттар бөлімін аяқтайды. 2009 жылы Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. компаниясының заң департаментіне заңгер көмекшісі болып жұмысқа орналасады. 2012-2014ж.ж. кіші заң кеңесшісі,  2014 жылдан бері Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. компаниясының заң кеңесшісі қызметін абыроймен атқарып келеді. 2009 жылдан бері Қазақстан мұнай-газ саласындағы заңгерлер қауымдастығының мүшесі (KPLA) атанды.

Болат Қайыргелдіұлы 2016 жылдан бері Атырау облыстық ММА (аралас жекпе –жек) федерациясының вице-президенті. Ол өз ісінің үздігі ғана емес, спорт әлемінде де үздіктер қатарынан табылып жүр. Оған  Павлодар қаласында өткен Панкратионнан Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдесі, Атырау облысының грэплинг күресінен өткен турнирінің жүлдесі дәлел.

Ол қазірде басынан кешкен қызықтарын қолына қалам алып, қағаз бетіне түсіруді жөн санап, жазу өнерін шыңдап жүр. Мәселен, «Талисман» атты хикаясы Алматы қаласында басылып шығатын «Книголюб» журналында жарық көрді.