Болат Бердалиев – жеке кәсіпкер

Болат жас кезінен нағыз еңбектің ортасында жүріп, өз күшімен цех ашып, күндіз-түні соның жұмысы алға жылжысын деп аянбай тер төкті. Ол бүгінде білдей цехті басқарып, шамасы келгенші демеушілік көрсетіп, жоқ-жұтана жандарды желеп келеді. Қазақта «қайырымдылықтың қайыры өзіңе тиеді» деп бекер айтпаса керек, Болаттың да шаруасы дөңгеленіп, ісі алға басуда.

1989 жылы 7 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылдық округінде дүниеге келген. 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылдық округіндегі «Қызылқұм» жалпы орта мектебін бітірген. 2007 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. Ауылда кіші-пластик цех ашып, аз қамтамасыз етілген отбасыларға қайрымдылық көрсетіп келеді.