Болатбек Қосмұратов – Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ бастығының орынбасары

Болатбек Насреддинұлы он екі жылдан бері өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде жұмыс жасап келеді. Осы жылдар ішінде бірнеше адамдарды құтқарып, оларға жаңа өмір сыйлады. Ол 2013 жылы университеттің оқу корпусында тұтанған өртті сөндіру кезінде, қызыл жалынның барлық жерді шарпығанына қарамай, іште қалған бір адамды құтқарып шығады, 12 адамның қауіпсіз жерге көшірілуіне көмектеседі.

Ал 2009 жылы 5-ші резервуарда 60 тонналық көлеммен, сондай-ақ 40 тонналық ашық түрде мазут жана бастайды. Болатбек Насреддинұлы жылдам шешім шығарып, тез арада өртті сөндіруге бұйрық береді. Тез қабылданған және дұрыс шығарылған шешімнің арқасында аз уақыттың ішінде көп шығынға ұшырамай-ақ, жалынның бетін қайтаруға мүмкіндік туды.

Болатбек Насреддинұлы Қызылорда облыстық өрт сөндіру қызметінде жоғары беделге ие. Ол 2016 жылдың ақпан айында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Өрт сөндіру саласына қосқан үлесі үшін «Өртке қарсы қызмет органында мінсіз қызметі үшін» ІІІ – деңгейлі, «Төтенше жағдайлардын алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» төс белгілерімен марапатталды.