Боранбай Ғалиев 1957 жылы 26 сәуірде Гурьев облысы Қызылқоға ауданы Қоныстану ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі», ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Заңгер» мамандығын меңгерген.  

Әр жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан», республикалық «Ана тілі», «Заң газеті» басылымдарында меншікті тілші болып жұмыс істеді. Қазақстан журналистер Одағының мүшесі. Соттар тақырыбына жазылған үш кітаптың авторы. 
Қаламгер қазір «Брест қаһармандары» атты мақала топтамаларын жинақ етіп шығаруды қолға алды. Алдыңғы еңбектері республикалық басылымдарда  жарық көрген. 

Толағай табыстарға қол жеткізген ол бірінші және екінші дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісінің иегері. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының, Атырау облыстық сотының Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Атыраудың үздік авторы»  атағын иеленді.