Қостанай қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Данияр Қалиевтің басқаруымен Қостанай қаласының өрт сөндіру бөлімінің жасағы аз уақыттың ішінде 5 қабатты тұрғын үйде болған жалынның бетін қайтарды.

 Өрт сөндіру кезінде 24 адам эвакуациаланып, Даниярдың қайсарлығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында адам шығыны орын алған жоқ. Бұдан басқа, “Титан” ЖШС аумағында болған өрт оқиғасы кезінде де ол ерлікпен көзге түсті.

«Құтқарушының басты мақсаты – адамдардың өміріне арашашы болу ғой. Сондықтан, бізге ең бастысы төзімділік пен қырағылық қажет. Өрт кезінде сасқалақтамай, жедел шешім қабылдап, дер кезінде көмектесе білу керек» – дедйі ол.

Ілгеріде айтқан «Титан» серіктестігінде болған өртті ауыздықтау оңай болмаған, тіпті жарылыс болуы да мүмкін еді. Данияр Қалиев секілді «тісқаққан» өрт сөндірушілер ерен еңбек сіңірді.

Данияр Қалиев «Ерлігі үшін» медалімен мараптталған.