Данияр Рысбеков - домбырашы

Данияр Рысбеков өнер өлкесіндегі талантты жас. Ерекше дарынымен, қабілетімен, өнерімен көпшілікті тәнті еткен күйші. Бүгінде қасиетті өнерге қадам басқан жастардың талабын ұштап, қанатын қатайтып жүрген ұстаз.

Ол 1990 жылдың 13 қаңтарында Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазіргі таңда  Ғ.Құлжанов атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің музыка бөлімінде мұғалім.

Даниярды ең алғаш өнерге әкесі 5 жасында әкеледі. Музыканттар отбасында дүниеге келген талантты жас мектепте жүріп хор, домбыра үйірмелеріне қатысады. Уақыт келе, Арқалық қаласындағы Нәзипә Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжіне «Домбыра» мамандығына түседі. Осылайша атасы мен әкесінің арманын орындайды. Содан соң Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының Дәстүрлі музыкалық өнер факультетіндегі «Домбыра» кафедрасына оқуға түсіп 2015 жылы аяқтайды.

Жас өнерпаз түрлі республикалық конкурстардың лауреаты атанған. Атап айтсақ, Арқалық қаласында өткенде «Мәдениет» номинациясы бойынша жастар алтын кітабының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, профессор, Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованың алғыс хатымен марапатталған.