Дархан Қабылдашұлы - Сарыарқа» газеті редакциясы» ЖШС директоры.

2005 жылы Жезқазған қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейді тәмамдағаннан соң әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне оқуға түскен. 2009 жылы университетті тәмамдап Жезқазған қаласындағы «Сарыарқа» аймақтық газетінде тілші болып жұмыс бастаған. 2011 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылып, 2012-2015 жылдар аралығында ҚР ІІМ Ішкі әскерінің (қазір – Ұлттық ұлан) қатарында офицерлік қызметте болған. 2015-2016 жылдары «Қамшы» ақпараттық агенттігінде Бас редактор, 2016 жылдан бері Жезқазған аймақтық «Сарыарқа» газеті редакциясы» ЖШС директоры.