Дархан Жамалхан – боз кілемде белдесетін палуан. Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы.

Дархан 1998 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. 2014 жылы  Тараз қаласында қазақ күресінен өткен республикалық турнирдің жүлдегері, сондай-ақ Орал қаласында қазақ күресінен өткен «Жас барыс» республикалық турнирде І орынды қанжығалаған. 2016 жылы 10-12 ақпан аралығында қазақ күресінен Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында І орынды иеленіп, спорт шебері атағын алды.