Жас, талантты педагог Дархан Жұмабаев өз қатарластарының алды. Ол ұстаздар арасындағы талай байқауларда алдына жан салмай келеді.

Дархан аудандық «Жас маман – жас талант» педагогикалық сайысының, облыстық, республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасыны жүлдегері. Бұдан бөлек, IV Б.Ахметов оқулары «Қазіргі білім беру үдерісі: тәжірибе, мәселелер, болашағы» аймақаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында 2-ші орын алып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен «Мәңгілік елдің ұлы мұраты» атты республикалық ғылыми жобалар байқауында Алғыс хатпен марапатталған. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне өткізілген «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық интернет байқауында алғыс хатпен, Республикалық ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Көк тудың желбірегені...» атты шығармашылық байқауында дипломмен марапатталды.