Шоқпаров Дәулет Дәркембайұлы еңбек жолын 1988  жылы «Мирас» 
шығармашылық бірлестігінде металды көркемдеп өңдеу шебері қызметінен
бастаған. 2010 жылдың 22 шілдесінен бастап атақты халық шебері мен ғалым Даркембай Шоқпаров атындағы қолданбалы өнер мұражайының директоры және сақтаушысы.

Мұражайға Дәулет Шоқпаровтың әкесімен бірге жинаған тамаша топтамасы қойылған. Ал бүгінгі күні ол мұражай қорларын толықтыруда. Одан өзге кейбір экспонаттарды өзі жасап немесе кездейсоқ тапқан көне қаруды, тұрмыс заттарды және әйелдер зергерлік бұйымдарын қайта қалпына келтірумен айналысады.


2001 жылы Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі.
2007 жылы Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.
2006  жылдан қазіргі таңға дейін «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің» 
директоры болып жұмыс атқарады. 
2014 жылы «Үздік қолөнер шебері» номинацияның дипломанты.
2016 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында «Шоқпаровтар отбасы» ІІ 
дәрежелі дипломанты.
Сонымен қатар, ұлттық қолөнерін насихаттап жүрген шебер. Бұқаралық
ақпарат құралдарында, атап айтар болсақ, «Жетісу», «Хабар», «KazakTV»,
«Қазақстан» теле арналарында ұсталық өнері туралы сұхбат беріп түсірілім
жасады. «Балапан» теле арнасында «Арғымақ», «Қазақтың салт-дәстүрі» бағдарламасына қатысты.   
Ш.Айманов атындағы киностудиясымен бірлесіп «Мұра» деректі фильмін
түсіріліміне қатысты.
Қолөнер жайлы 2007 ж. «Қолданбалы өнер» альбом кітабы шықты.