Дәурен Айманбетов – ақын

Ол 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласында дүниеге келді. М.Мақатаев атындағы мүшайраның, «Шұбайқызыл», «Мен жастарға сенемін», «Тәуелсіздікке-25  жыл», Президент күніне орай ұйымдастырылған, Ә.Аймақ атындағы мүшәйралар жүлдегері. 

2015 жыл «Жылдың үздік ақыны»,  2016 жыл «Алтын қалам» номинациялардың иегері. С.Ерубаев атындағы сыйлықтың иегері. Республика көлеміне танымал ақын, жас ақындар және  оқырмандардың улкен сұранысқа ие. Туындылары сан қырлы тақырыптарды толғайды. Қоғамдағы,ел  тарихындағы болып жатқан өзгерістерге өзіндік үнін қосатын ақынның өлеңдерін жырсүйер қауым іздеп жүріп оқиды. Әлеуметтік желілерде белсенді пікір айтып, өнерге енді ғана бет бұрған жастарға дұрыс бағыт-бағдар береді.