Демежан Алтай ОҚО, Сарыағаш ауданы, Бағыс ауылының кішкентай тұрғыны. Ол 2003 жылдың 11 қазанында дүниеге келген.

Ол суға батып бара жатқан кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды. Демежан Алтай мұздай суға тұншыққан бір жасар сәбиге алғашқы медициналық көмек те көрсеткен. Кеуде тұсынан басып, дем алуына көмектескен. Құтқарушылар дәл бұлай ересек адамдардың өзі істей алмас еді деп, Демежанның ерлігіне ризашылықтарын білдірген. 1,5 жастағы Нұрділлә Ержанды тереңдігі 2 метр, ені 2,5 метр болатын судан аман алып шыққан Демежан нағыз ерлік пен адамгершілік қағидатының үлкен үлгісін көрсетіп отыр.